ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Мәслихат депутаты
1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
4) депутат қайтыс болса;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
5. алып тасталды
6. Өз қызметін мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленетін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық субъектісін басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы
кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) алып тасталды
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмият отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) заңдарда және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
3. Мәслихаттың әрбір депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік беріледі.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
2. Фракция - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиісті саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттың тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін, сайлау округтеріндегі бірлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемінде бес депутаты болуға тиіс.
4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты
шығыстарды өтеу
Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай?
Другие голосования Последние новости
- 2012 жылғы 16 мамырда ШҚ облыстық мәслихатының хатшысы Г.Пинчук Верх-Уба ауылында азаматтарды қабылдады.
- № 43 Первомай сайлау округінде Верх-Уба ауылында азаматтарды қабылдау кезінде мынадай өтініштер түсті:
1.Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Данилованың (тұрғылықты жері Верх-Уба а., Центральная к., 39), зейнеткер Любовь Юрьевна Дарочкинаның (тұрғылықты жері Верх-Уба а., Центральная к., 24) басшылығындағы бастамашыл топ жер жер жер пайдалану мәселесін көтерді. «Родник Усыпенко» ЖШС банкротқа ұшыраған кезде 42 адам жер телімінсіз (үлессіз) қалған, жерді Шемонаиха ауданының әкімі 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап иесіз деп таныған.Жер үлестерін қайтаруға ықпал етуді сұраймыз.
... [16.05.2012]
- 2012 жылғы 16 мамырда ШҚ облыстық мәслихатының хатшысы Г.Пинчуктің Выдриха ауылының азаматтарымен кездесуі болып өтті
- Кездесу Выдриха ауылы, Центральная көшесі, 100 мекенжайы бойынша «Выдриха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында өтті.
Кездесуге ауыл шаруашылығы құрылымдарының, ардагерлер кеңесінің, білім саласының өкілдері, тұрғындар, барлығы 11 адам қатысты. Сөз сөйлегендер – 5 адам.
... [16.05.2012]
- 2012 ж. 15 мамырда облыс әкімдігі ғимаратында ШҚО мәслихаты депутаттарының ЮНИСЕФ-тің әр елдегі офистерінің делегациясымен жұмыс кездесуі болып өтті.
- Делегацияны ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Джон Кукита басқарды. ... [15.05.2012]
- «Депутаттықтың 100 күні» акциясы
- 2012 жылғы 24 сәуірде бесінші шақырылған мәслихаттар депутаттарының сайланғанына 100 күн толуына байланысты біз «Нұр Отан» ХДП ШҚ облыстық филиалымен бірлесіп «Депутаттықтың 100 күні» акциясын жарияладық. ... [11.05.2012]
- 2012 жылғы 25-26 сәуірде облыстық Достық Үйінде «Депутаттардың санқырлы рөлі» атты семинар өткізілді.
- Аталған семинарды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, облыс әкімі аппаратының Шығыс Қазақстан өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және қалалық, аудандық мәслихаттар хатшыларының біліктілігін арттыру үшін өткізді.... [26.04.2012]