Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты
Бейсенов Нурбек Калибекович, 20 қазан 1956 жылы Ш.Қ.О. Зайсан ауданы, Архат елді мекенінде туылды.
1977 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы: математика пәнінің мұғалімі.
09.1977 - 09.1979 Мұжықсу мектебінің математика пәнінің мұғалімі ШҚО Зайсан ауданы. 09.1979- 09.1980 Н.В.Гоголь атындағы орта мектептің мұғалімі ШҚО Зайсан ауданы.
09.1980 - 06.1984 Н.В.Гоголь атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі ШҚО Зайсан ауданы. 06.1984- 10.1987 Қара-Ертіс селолық Советінің төрағасы ШҚО Зайсан ауданы.
10.1987 - 09.1996 Мүкарама атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ШҚО Зайсан ауданы. 09.1996- 06.2006 Мүкарама атындағы орта мектептің директоры ШҚО Зайсан ауданы.
06.2006 - 09.2007 Зайсан ауданы әкімі аппарат басшысы ШҚО Зайсан ауданы. 09.2007 жылдан IV шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы ШҚО Зайсан ауданы. Үйленген, 2 баласы бар. Әдеби кітап оқығанды, волейбол ойнағанды ұнатады.
Лауазымдық міндеттері
- өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларының орындалуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын бақылайды.
- Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді ұйымдастырады. Аудан әкімімен және әкімдігімен бірлесіп тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, жерді және жасыл желекті қорғау ережелері, ауданның әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту және басқа да мәселелердің жобасын зерделеп, сессия қарауына ұсынады.
- Сессияның шақырылу орны және уақыты туралы, сонымен бірге сессияда қарастырылатын мәселелер туралы аудан әкіміне, депутаттарға, жұртшылыққа хабарлайды. Сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары және тексеру комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
- Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды.
- Депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді.
- Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
- Мәслихат аппаратының құрылымы және штатын мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынады, мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды. Сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
жоғары









тосыңыз...
