БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ  

Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты

 

Пинчук Григорий Васильевич

 1965 жылы Семей облысының Семей қаласында туған, орыс, білімі жоғары. 2001 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетін халықаралық мәселелер бойынша экономист мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 15 жасында Семей қаласының аяқ киім фабрикасында жүк тиеуші болып жұмыс істеуден бастаған. Кейін бірінші разрядты слесарь, АТП-3 жүргізушісі болды. 1983-1985 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. Келгеннен кейін 1985 жылдың желтоқсан айынан 1992 жылдың наурыз айына дейін жүргізуші болып еңбек етуін жалғастырды. 1992-1998 жылдары Семей қаласындағы бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді. 2000-2002 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары болды. 2002 жылдың наурыз айында Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалып, онда 2007 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. 2007 жылдың қарашасынан 2009 жылдың наурыз айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2009 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен (2010 ж.), көптеген медальмен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.

Үйленген. Үш қыз тәрбиелеп отыр.

2012 жылғы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

жоғары

Лауазымдық міндеттері

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.
  4. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады.
  6. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.
  7. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.
  8. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды.
  9. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.
  10. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  11. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді.
  12. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  13. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды.
  14. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады.
  15. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді.
  16. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді.
  17. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады.
  18. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады.
  19. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды.
  20. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады.
  21. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады.
  22. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді.
  23. Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды.

 

жоғары

Қабылдау уақыты

Қабылдау уақыты: сәрсенбі күні сағат 10.00 ден 12.00-ге деін, жұма күні сағат 10.00 ден 12.00-ге деін

Телефон: 8(7232) 264813

Мекен-жайы: ШҚО, қ. Өскемен, қ. М. Горького 40

 

жоғары
 

 



Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ