Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты
Карымбаева Гульмира Канагатовна 1958 жылдың 1 желтоқсанында ШҚО Тарбағатай ауданы Акжар ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, ұлты – қазақ. 1966-1975 ж.ж. аралығында ШҚО Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектепте оқыды, 1976-1981 ж.ж. аралығында Өскемен қаласы педагогикалық институтының филологиялық факультетінде қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын оқып тәрбие жұмысының методисті квалификациясы қосымша берілді.
2009 ж. бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Тұрмысқа шыққан, ұлы және қызы бар.
Еңбек қызметі 1975 ж. басталады.
1975-1976 ж.ж. К.Ушинский ат. бастауыш мектепте үлкен пионер тәлімгер.
- 1981- 1982 ж.ж. ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Абай ат. ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
- 1982 - 2008 ж.ж.ШҚО Зайсан қ. Әуезов ат. ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
- 1988-2008 ж.ж. аралығында ШҚО Зайсан қ. аудандық білім бөлімінің штаттан тыс инспекторы
- 2008-2009 ж.ж. аралығында Курчатов қ. мектеп- гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
- 2009 ж. сәуір айынан бастап Курчатов қ. мектеп- гимназиясы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ директоры
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау кампаниясын өткізуде белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хаты берілді, ҚР Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен, ШҚО Білім басқармасының құрмет грамотасымен, Курчатов қаласы Әкімінің грамотасымен қажырлы еңбегі және кәсіби біліктілігі үшін марапатталды.
2012 жылғы 15 қаңтардағы сайлауда бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаты болып, 2012 жылғы 18 қаңтарда бірінші сессиясында бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Лауазымдық міндеттері
- Қала әкімі және әкімшілігімен бірге қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді, абаттандыру және тазалық ережелері бойынша, аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары жобаларын әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
- Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын бақылайды, сонымен қатар әзірлеп сессия қарауына енгізеді және бекітілгеннен кейін мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын құрады. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді, сессия хаттамасын құруды, сессия төрағасымен бірге сессия хаттамасына және сессия шешімдеріне қол қояды.
- Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттардың мәслихат және өзге де органдарының және сайлау округтеріндегі жұмыстарға қатысулары үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
- Тұрақты және тексеру комиссиялары мен басқа да мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. ҚР заңнамасына сәйкес депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуын және сайлауды ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депуттаттары бойынша сайлаушылардың жиналысын ұйымдастырады.
- Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады. Мәслихат атынан тұрғындармен, жұмысшы ұжымдармен, жеке меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және кәсіпорындармен байланыста болады.
- Сайлаушылардан келіп түскен өтініштер, құттықтаулар, хаттар туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ақпаратты ұдайы дайындап ұсынып отырады. Аппаратта азаматтарды қабылдауды, өтініштер, арыздар қарауды ұйымдастырады.
- Қалалық мәслихат сессиясында жыл сайын депутаттық корпус және аппараттың қызметі туралы есеп береді.
жоғары
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ
Қабылдау уақыты: әр айдың сәрсенбісінде сағ. 15.00- ден бастап 18.00-ге дейін.
Телефон: 2- 31-80
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 071100, Курчатов қ. Тәуелсіздік к. 4.
E-mail: maslihatkur@mail.ru
жоғары









тосыңыз...
