Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты

Есполов Нұрлұбек Оспанбекұлы - Жарма аудандық мәслихатының хатшысы, №3 Георгиевка сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты.
1951 жылдың 30 сәуірінде Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келдім.
1967 жылы Абай орта мектебін бітіріп, Семей қаласындағы педучилищені аяқтап, Бөке орта мектебінде мұғалімдік еңбек жолын бастадым.
Советтік Армия қатарында борышымды 1970-1972 жылдары өтедім.1972 жылдан Абай орта мектебінде еңбек ете жүріп, Семей қаласындағы Н.К Крупская атындағы пединститутты тәмәмдап жоғары білім алдым.
1977-1979 жылдар арасында Абай орта мектебі жанындағы интернатта меңгеруші.
1980-1986 жылдары аталған мектепте бастауыш әскери дайындық жетекші.
1986-1989 ж.ж. Жарма аудандық білім бөлімінде инспекторлық қызмет атқардым.
1989-1990 ж.ж. Үшбиік ауылында, 1 Май орта мектебінің директоры
1991-1994 ж.ж. Білім бөлімінде инспектор
1995-2009 ж.ж. Ақжал орта мектебінің директоры
2009-2010ж.ж. Ақжал ауылдық округінің әкімі
2010-2012 жж. Жарма ауданы білім бөлімінің бастығы
2012 жылдың 19 қаңтарынан Жарма аудандық мәслихатының хатшысы
Лауазымдық нұсқалары
- Өкілдігі шегінде ұсынылған, аумақтың комплекстік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды қызығушылығын қанағаттандыруына жауап береді. Аудан әкімдігімен және аудан әкімімен бірлесіп экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың аумақтық даму жобасын, санитарлық және жабдықтаушылық ережелерін, ауданды басқару және басқа мәселелер жөніндегі схемасын өңдейді. Аудандық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларымен жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын қадағалайды, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды. Депутаттарға, аудан әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдейді.
- Мәслихат сессиясының дайындығын және сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді қамтамасыз етеді, сессияның хаттамасын жасау, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне және сессияның хаттамасына қол қояды. Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасайды, керекті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың органдарында, сайлау округтарында, мәслихатта жұмыс істеу үшін қызмет борышынан босатылуына байланысты мәселелерді қарастырады. Тұрақты, тексеру комиссияларының және басқа мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Аудандық мәслихат шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау шараларын анықтайды.
- Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысын басқарады, қызметшілерді қызметке алады және қызметтен босатады. Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, меншіктік формасына қарамастан кез келген ұйымдармен байланыс жасайды.
- Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстарды, тілектерді, хаттарды мәслихатқа ұсынады. Мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын жергілікті тұрғындармен талқылауды қамтамасыз етеді. Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін, қарастыруды ұйымдастырады. Өз құзыры шегінде өкім шығарады.
жоғары
Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды
Қабылдау уақыты: – сағат 14.00 ден сағат 17.00-ге дейін, жұма - сағат 9.00 ден сағат 11.
Телефон: 8(72347)65662
жоғары









тосыңыз...
