ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨРТІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ  

Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты
Арғымбаев Болат Кұсайынұлы , 1965 жылы 11 қаңтарда Семей облысының Бородулиха ауылында дүниеге келген. Тоғыз баладан тұратын көп балалы интернационалды отбасында өскен. Шешесі ұлты бойынша орыс, әкесі қазақ, екеуі де Ұлы Отан соғысына қатысып, медальдармен және ордендермен марапатталған.

Н.Островский атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін, өзінің еңбек жолын Бородулиха АКК-де слесарь ретінде бастады, содан соң жүргізуші болып жұмыс істеді. Кейіннен "Заветы Ильича" колхозында еңбек етті. Осы уақыттарда Семей зооветеринарлық институтына сырттай оқуға түсіп, 1991 жылы зооинженер мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1996 жылы Бородулиха аудандық әкімшілігіне төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман ретінде жұмысқа шақырылып, қаржы-экономикалық колледжіне сырттай оқуға түседі.

1997 жылдың тамызынан бастап аудандық экономика бөлімінің бастығы болып тағайындалды, осы лауазымды 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейін қызмет атқарды.

Жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылшаруашылық бөлімінің бастығы болды, ал 2005 жылдың наурызынан бастап аудан әкімінің экономика және ауылшаруашылығы сұрақтарымен айналысатын орынбасары болып тағайындалды.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы, кейіннен аудан әкімінің орынбасары қызметін атқара отырып ауданның жыл сайын мемлекет қорға өткізетін азықтық астық жоспарының уақытында орындалуына өз әсерін тигізді. Осы кезеңде сауатты ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ауданның агроөндірістік кешеніне 0,5 млрд. теңге жеңілдік несие, соңғы үш жылда ауылшаруашылығы техникасын жаңартуға 0,6 млрд. теңге тартылды. Жоғарыда аталған үш мәселе бойынша аудан нақты түрде облыста бірінші орын иеленді.

Ел Президентінің саясатын, сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмаларын орындай отырып, Болат Кұсайынұлы қазіргі уақытта ауданның агроөндірістік кешенінің инфрақұрылымын нығайту мақсатында жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданда МТС, техникалық қызмет көрсету пункті, алты қолдан ұрықтандыру пункттері, үш жемдеу алаңдары, мал сою пункттері ашылып үлгерді. Оған ауылшаруашылығы бойынша облыстық семинар өткізуді сеніп тапсыру оның жоғары дәрежедегі жұмысын мойындау болып табылады.

Қазіргі кезде ауыл тұрғындарына, етті мал өсіретін асыл тұқымды мал шаруашылығына және ұрықтандыру шаруашылығына, сатып алу сату коопертивіне несие беретін шағыннесиелік ұйымдарды құру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Б. Арғымбаев жерді тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Оның жеке араласуымен 5,5 мың га. жерге иесіз жатқан 22 мың га. жер участкелері қосылып есепке қойылды. Егіс алаңдарының құрылымын өркендету жүргізілді. Сөйтіп, 2006 жылмен салыстырғанда күнбағыс егу 20,5 мың га. немесе 30 пайызға қысқартылды. Бүкіл қазақстандық ауылшаруашылығы санағын сапалы ұйымдастырғаны үшін ауылшаруашылығы министрінің төс белгісімен марапатталды.

2008 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде заңтану мамандығы бойынша оқуын бітірді.

Бала кезінен бастап күрес, футбол, шахмат сияқты спорт түрлерімен айналысады. Жанұялы, ұлы бар.

Лауазымдық міндеттері

 

  1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
    Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады.
  5. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.
  6. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.
  7. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды.
  8. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.
  9. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  10. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды.
  11. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді.

 

жоғары

Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды

Қабылдау уақыты: бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-дейін.

Телефон: 8 (72351) 21138

Мекен-жайы: Бородулиха ауылы, Крупская көшесі, 69

жоғары
 

 



Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ