Шығыс Қазақстан облысының өкілді билігінің ресми порталына келушілерінің барлығына сәлем береміз!
Біздің айдарда сіздер облыс депуттарымен, мәслихаттың өкілдігімен, деппутаттардың қызметімен, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттармен қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерімен және тұрақты жәнетексеру комиссияларының жұмысымен таныса аласыздар. Сонымен қатар сіздерді қызықтыратын жалпы маңыздағы, әр депутатқа жеке сұрақтар қойып міндетті түрде жауабын ала аласыздар!
Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
Мәслихаттар өз қызметiнде:
- жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
- қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.










тосыңыз...
