АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ  

Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты

Темеков Мұхтар Әбдікәрімұлы, 1952 жылы наурыз айының 15 жұлдызында Семей облысының Аягөз ауданының Знаменка ауылында дуниеге келген. 1968 жылы орта мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп.

1973 жылы бітірген. 1973-1974 жылдары Отан алдында әскери борышын өтеген. 1974 жылы қарапайым мұғалім ретінде қызметін Мын-бұлақ орта мектебінде бастап.

1979 жылы Ғаббасов орта мектебіне директор болып тағайындалған. 1983 жылы қалалық білім бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып 4жыл осы қызметті атқарды.

1987 жылы ауыстыру жолымен СПТУ-12 директор болып тағайындалды. 1989-1994 жылдары аралығында облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. 1994 жылықала әкімінің орынбасары ретінде кызметке ауыстырылған.

1996 жылы аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 1997 жылдан бері бүгінгі күнге дейін үзіліссіз аудандық мәслихат депутаты болып 4 мәртесайланып Аягөз ауданының мәслихат хатшысының қызметін атқарып келеді.

Лауазымдық міндеттері

 

  1. Өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларының орындалуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын бақылайды.
  2. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді ұйымдастырады. Аудан әкімімен және әкімдігімен бірлесіп тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, жерді және жасыл желекті қорғау ережелері, ауданның әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту және басқа да мәселелердің жобасын зерделеп, сессия қарауына ұсынады.
  3. Сессияның шақырылу орны және уақыты туралы, сонымен бірге сессияда қарастырылатын мәселелер туралы аудан әкіміне, депутаттарға, жұртшылыққа хабарлайды. Сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды.
  4. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары және тексеру комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
  5. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды. Депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  6. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Мәслихат аппаратының құрылымы және штатын мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынады, мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  7. Мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды. Сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

 

Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды

Қабылдау уақыты: әр аптаның дүйсенбісі сайын сағат 14.00 - 18.00

Телефон: (87223) 73-36-41

Факс: (87223) 73-36-41

Мекен-жайы: ШҚО, Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 62.

E-mail: maslihat14@mail.ru

жоғары

 


Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ