АБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ  

Лауазымдық міндеттері
Қабылдау уақыты

Амангазин Т. А.Аманғазы Төлеубек Аманғазыұлы, 1954 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қызылту совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары, ұлты қазақ, манадығы мұғалім және зоотехник, “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясының мүшесі, №11 Қарауыл-Медеу округінен сайланған депутат.

1972 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін “Қызылту” совхозында комсомол-жастар бригадасына бір жыл шопан болып еңбек жолын бастаған.

1973-1977 жылдары Семейдің педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Қосымша зоотехник мамандығы бар.

1977-1978 жылдары облыстық “Семей таңы” газетінде әдеби қызметкер.

1978-1979 жылдары “Қызылту” совхозындағы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте мұғалім болған.

1979-1982 жылдары “Қызылту” совхозы комсомол ұйымының хатшысы, “Қызылту”, “Ақбұлақ” совхоздары кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

1982-1990 жылдары Абай аудандық Советі атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Абай аудандық партия комиетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерін істеген.

1990-1999 жылдары Абай аудандық Советі атқару комитетінің хатшысы, аудан әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы болған. 1999 жылдан екінші, үшінші, төртінші сайланған Абай аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет істейді.“Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл” мерекелік медалымен марапатталған. Жанұялы, жұбайы Аманғазина Рая ұстаздық қызмет атқарады, үш бала тәрбилеп өсірген.

Лауазымдық міндеттері

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды.
  5. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді.
  6. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады.
  7. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді. Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды.

 

жоғары

Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды

Қабылдау уақыты: сейсембi-бейсенбi күні сағат 10.00 ден 12.00-ге деін, жұма күні сағат 15.00 ден 17.00-ге деін.

Телефон: 8(72252) 91544

жоғары
 


Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ