Бiздiң порталымызға қош келдiңiздер !  

Шығыс Қазақстан облысының өкілді билігінің ресми порталына келушілердің барлығын қошаметтеймін! 

Біздің айдарда сіздер облыс депутаттарымен, мәслихаттың өкілдігімен, депутаттардың қызметімен, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар қабылдаған нормативтік-құқықтық актілермен және тұрақты комиссиялардың жұмысымен таныса аласыздар. Сонымен қатар сіздерді қызықтыратын жалпы маңыздағы, әр депутатқа жеке сұрақтар қойып, міндетті түрде жауабын ала аласыздар!

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы  Пинчук Григорий Васильевич

Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

Мәслихаттар өз қызметiнде:

  1. жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
  2. ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
  3. қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
  4. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

 


Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ