2012 жылғы 20 қаңтарда V шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Іұйымдастыру сессиясы болып өтті.
Сессияға 43 депутаттың 42-сі қатысып, бұл 97,7 %-ды құрады.
Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев,облыс әкімінің орынбасарлары,облыс әкімі аппаратының басшысы,облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдары менбұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріқатысты.
Сессияда мына мәселелер қарастырылды:
1. Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты бірінші сессиясының Регламенті туралы.
2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты бірінші сессиясының төрағасы туралы.
3. Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
4. Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы.
5. Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы.
6. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы.
7. Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті екінші сессиясының төрағасы туралы.
Бірінші сессия төрағасы сайланғаннан кейін сессияның бекітілген күн тәртібінің мәселелері қаралды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып № 43 Первомайский сайлау округінен депутат Григорий Васильевич Пинчук сайланды, ол депутаттарға сенім білдіргендері үшін алғысын жеткізді.
ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаев сайланған депутаттарды, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысын өкілеттіктеріне кірісуімен құттықтап, депутаттық қызметтеріне табыс тіледі.







тосыңыз...
