2012 жылы 19 қаңтарда V шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының I сессиясы өтті. 

Глубокое аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы  Грохотова Наталья Михайловна бесінші шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының бірінші сессиясын шақырып және ашты.
Сессияның жұмысында аудандық мәслихатының сайланған 15 депутаты қатысты. Сессияға қатысқандар: аудандық мәслихатының сайланған 15 депутаты, аудан әкімі – Кошелев В. Л., аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, кенттік және ауылдық округтардың  әкімдері, аудандық бөлімдердің, басқармалардың басшылары,  құқық қорғау  органдарының және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Грохотова Н. М. сессияда барлық  қатысып отырғандарды 15 қаңтарда өткен Глубокое аудандық мәслихатының сайлауының қорытындысымен таныстырды және аудан активіне  5 шақырылған аумәслихаттың сайланған депутаттарын таныстырды.
Пономарева Маргарита Николаевнаны    - № 1 сайлау округінің депутатын
Абильмажинова Гүлмира Мамырбековнаны    - № 2 сайлау округінің депутатын
Мирошниченко Владимир Афанасьевичті    - № 3 сайлау округінің депутатын
Медведев Алексей Геннадьевичті    - № 4 сайлау округінің депутатын
Мендыбаев Асхат Капаровичті    - № 5 сайлау округінің депутатын
Коротков Александр Александровичті    - № 6 сайлау округінің депутатын
Виситаев Руслан Джабраиловичті    - № 7 сайлау округінің депутатын
Баймульдинов Әкімғазы Асанұлын    - № 8 сайлау округінің депутатын
Мурзыканова Айгүл Чингисововнаны    - № 9 сайлау округінің депутатын
Журба Николай Михайловичті    - № 10 сайлау округінің депутатын
Ахмадиев Ришат Канетовичті    - № 11 сайлау округінің депутатын
Бурдаков Александр Ивановичті    - № 12 сайлау округінің депутатын
Сидорова Ольга Семеновнаны    - № 13 сайлау округінің депутатын
Соколов Сергей Александровичті    - № 14 сайлау округінің депутатын
Закусилов Борис Борисовичті    - № 15 сайлау округінің депутатын
Аудан әкімі В. Л. Кошелев аудандық мәслихатқа жаңадан сайланған депутаттарды уәкілеттіктеріне кіріскендерімен құттықтады және өңіріміздің дамуы жолындағы депутаттық қызметке табыс тіледі.
Бірінші сессияның төрағасын сайлаған соң, сессияның күн тәртібінде бекітілген мәселелер қаралды. Аудандық мәслихатының хатшысы сайланды -  № 8 сайлау округінің депутаты - Баймульдинов Әкімғазы Асанұлы,  ол депутаттарға өзіне сенім бірдіргені үшін алғыс білдірді. Аумәслихаттың тұрақты комиссиялары сайланды, құрамдары бекітілді және төрағалары сайланды.
Барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.

 

 
Другие новости по разделу


Тұрғындардың алдында үкiметтiң жылдық есептерiне сiздiң қатынасыңыз қандай? 






Другие голосования

     Последние новости 

 
 

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ