Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2017 жылғы 13 сәуірде алтыншы шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті.

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті оныншы сессиясына депутаттармен бірге  аудан әкімі А.Нұрғожин, ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Дүйсембаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық бөлімдердің  басшылары, аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері,  аудандық «Арай»-«Луч» газеттерінің өкілі шақырылып, қатысты. Сессияда     2016 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы,     Катонқарағай ауданының 2016 жылғы бюджетінің атқарылуын бақылау

нәтижелері туралы, ауданның мәдениет саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы,  аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі және әртүрлі мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Большманова  2016 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы толық мәлімет берді. 2016 жылға арналған кірістер  бойынша  нақтыланған бюджет  4 485 760,6 мың теңгені және  шығыстар бойынша 4501 624,9 мың теңгені құраған. Ағымдағы кезеңде өздік кірістер бойынша аудан бюджеті 105 пайызға орындалып, 676 785,0 мың теңгені құраған. Аудан бюджеті бойынша жалпы  бекітілген жоспардың орындалуына,  кіріс көздерінің барлық түрлері бойынша   толығымен қол  жеткізілді. Шығыстар бойынша аудан  бюджеті 100,0 пайызға орындалған. Даму бюджеті 100%-ға немесе 46 522,9 мың теңге сомаға  орындалды,  ағымдағы бюджет бойынша  игерілуі 100%-ды    немесе 4 846 891,1 мың теңгені  құрады.  

Бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндама жасаған Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Дүйсембаев бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға орындалғанын, дебиторлық, кредиторлық қарыздардың өткен жылдың деңгейінде екендігін атап өтті. Ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасын орындаудағы кемшіліктерге тоқтап, тәуекелдердің алдын алуды тапсырды.   

  Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан депутат А.Смағұлова бюджеттің игерілуіндегі қол жеткен табыстарды атай келе, бағдарлама әкімшілеріне бюджетті жоспарлауда жауапкершілікпен қарап, оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуді және аудан бюджеті түсімдерінің салықтық базасын ұлғайту, кірістер деңгейіне әсер ететін факторларды талдау жөніндегі шаралар қабылдауды ұсынды.

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндеті атқарушы Ж.Канафина мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Баяндамашының ақпаратына сәйкес, мәдени ошақтардың кәсіби, эстетикалық  және  санитарлық  талаптарының сақталуына, заман талабына сай жабдықталуына басты назар аударылуда. Ауданда 25 клуб, 18 кітапхана, 1 мұражай, 1 достық үйі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді. Мәдени – мұра бағдарламасына сай Катонқарағай ауданында 22 жергілікті маңызы бар тарихи  мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде археологиялық 9, архитектуралық 13 ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген. Ауданның кітап қоры – 173741 дана,  оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 77415 дана. Таралу саны -  265736 дана, кітапханаға келушілер саны – 141555, оқырмандар саны – 12525 құрайды.

Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан депутат А.Байғонұсов мәдениет саласындағы қол жеткен табыстарды айта келе, кемшіліктерді атап көрсетті. Катонқарағай ауылдық мәдениет үйінің жиһазы, аспаптары ескіргенін, мәдениет қызметкерлері аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, шығармашылық концерттер қою үрдісі жылдан-жылға бәсеңдеп келе жатқанын, айтыс өнерінің кенжелеп қалғанын, аудан орталығында өтетін мерекелерге халықтық сипат беру керектігін атап көрсетті.  

Экономика, қаржы және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен комиссия төрағасы А.Смағұлова таныстырды.

Күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелер бойынша мәслихат хатшысы Д.Бралинов сөйледі. Күн тәртібіндегі мәселелерді  саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. Сессия шешімімен кезекті он бірінші сессияның төрағасы болып №2 Үлкен Нарын сайлау округінің депутаты Н.Шаухин сайланды. Бір нормативтік құқықтық акті қабылданды.