Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
Блог

2017 жылдың 11 сәуірінде Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттары Ырғызбай ауылдық округінің әкімін сайлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Ырғызбай ауылдық округінің әкімін жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы аудандық мәслихаттың депутаттары сайлады.

Сайлау қорытындысы бойынша Е.Тұрғанбаев Ырғызбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Осыған дейін Ырғызбай ауылдық округі әкімінің лауазымына екі үміткер аудандық «НұрОтан» партиясының депутаттық фракция мәжілісінде таныстырылып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, сайлауалды бағдарламалары тыңдалған болатын.