ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 71-31-99

maslihatvko@mail.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

2017 жылдың 9 наурызында Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы болып өтті.  

ҚР Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығына сәйкес күн тәртібінде: «Курчатов қаласының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы» мәселе тұрды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағанов қала әкімі лауазымына үміткер А.А. Ондақановты таныстырды. Депутаттарды Алмас Аманқолұлының қызмет бағыты мен атқарылатын жұмыстардың сабақтастығын сақтау мәселелері толғандырды. Алмас Аманқолұлы қаладағы мәселелерді білетінін, жылумен қамту және сумен қамту жүйелерін қайта қалпына келтіру, ТКШ мәселелеріне, жалпы алғанда қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуына  айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Талқылау барысында депутаттар Курчатов қаласының әкімі лауазымына А.А. Ондақановты тағайындау туралы облыс әкімінің шешімін бірауыздан келісті. Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г.Қ. Қарымбаева Алмас Аманқолұлын тағайындалуымен құттықтады.