БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2017 жылғы 9 наурызда сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 501 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.      Нормативті-құқықтық актілердің жобаларын қарау:

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Облыстық бюджет және облыс қалалары мен аудандары бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы»;

-   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №8/75-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Николаевск кеніші тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен  су қорғау белдеулерін белгілеу туралы»;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – «Востокцветмет» өндірістік бөлімінің Артемьевск кенішінің тұстамасындағы атауы жоқ бұлағы мен Холодный ключ бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 338 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы №280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 89 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»  қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы»  қаулы жобасы;

-   Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» нормативтік қаулы жобасы;

 

2.                  Ақпараттарды тыңдау:

 

-   Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында;

-   Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында;

-   Глубокое ауданы Белоусовка к. тұрғындары Владимир Григорьевич Тарасов пен Валентина Федоровна Тарасованың ақпараты.

 

 

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 71-31-95, 87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары http://www.akimvko.gov.kz/kz/akim-vko/normativno-pravovyie-aktyi/ сайтында жарияланған.