ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТТАРЫНА – 20 ЖЫЛ

2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының жергілікті өкілді органдар ретінде құрылғанына 20 жыл толады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына байланысты жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібін және қызметін айқындады.
1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдады. Бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Заңда облыс, аудан, қала аумағында халықтың өкілді органы болып мәслихат – депутаттар жиналысы табылатындығы айқындалған. Бұл жерде жергілікті өкілді органдардың жай ғана атауы емес, түбірімен мәнісі өзгергенін атап өту керек. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптастасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, мәслихаттар-депутаттар жиналысы облыстарда, облыстық және республикалық маңызы бар аудандар мен қалаларда және астанада ғана сайланды. Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары іс жүзінде жергілікті халықтың еркін білдіретін және қызметiн өзiнiң құзыретi шегiнде дербес жүзеге асыратын және тiкелей қосымша бағыныстылықта болмайтын мемлекеттік органдар болып танылды. Конституциясы қабылданды. Оның 3-тарауының 86-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп аталады. Сонымен еліміздің негізгі Заңы жергілікті мемлекеттік басқарудың негіздерін бекітіп, оған жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатқызылды, олардың әлеуметтік ролі мен функцияларын анықтады, жергілікті өкілді органдардың атауын және олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңның қабылдануы үшін алғышарттар жасады.

Бұдан әрі 2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заңның 1-тарауының 1-бабы мәслихаттарға анықтама береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді. Жаңа редакциядағы ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістерімен бірге, мәслихаттардың ролінің айтарлықтай артуы қарастырылған, олар пәрменді жергілікті өзін-өзі басқарудың атынан шығатын болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады.
Мәслихаттар 5 жылға сайлана бастады.

1994 жылғы 7 наурызда елдің жаңа өкілді органдарына - бірінші шақырылған мәслихаттар-депутаттар жиналыстарына депутаттар сайлауы болып өтті (1994-1999 жылдар).
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты – депутаттар жиналысына 35 депутат сайланды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылғы 5 сәуірде болып өтті. Облыстық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы болып № 30 Миролюбов сайлау округінен депутат Павел Сергеевич Елисов бірауыздан сайланды. П.С.Елисов көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының комсомол, партия ұйымдарында еңбек етті. Сайланғанға дейін 1989 жылдан 1994 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы № 3483 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының шекаралары өзгертіліп, аумағына таратылатын Семей облысы қосылды.1994 жылдан 1996 жылдың шілде айына дейін Семей облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы болып Қапас Уақасұлы Дәуітов сайланды. 1997 жылғы 18 шілдеде бірінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясы болып өтті. Облыстық мәслихат хатшысы болып № 27 Глубокое сайлау округінен депутат Василий Иванович Ахаев сайланды. В.И.Ахаев Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып төрт шақырылымда, 2012 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеді, Қазақстан Республикасының өкілді органдарының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. 1997 жылдан 1999 жылға дейін облыстық мәслихаттың құрамында 67 депутат қызмет атқарды.
1999 жылғы 18 қарашада екінші шақырылған облыстық мәслихаттың депутаттар корпусы, 2003 жылғы 24 қазанда – үшінші шақырылымның, 2007 жылғы 23 тамызда – төртінші шақырылымның, 2012 жылғы 20 қаңтарда – бесінші шақырылымның депутаттар корпусы өз жұмысын бастады.

Екінші шақырылымнан бастап облыстың депутаттар корпусы құрамына 43 депутат сайланады.
Екінші шақырылымнан бастап облыстың депутаттар корпусы құрамына 43 депутат сайланады. Барлық бес шақырылымдағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттар корпусы – бұл облысымыздың озық агроқұрылымдарының, өндіріс көлемдері үлкен кәсіпорындарының басшылары, ірі ЖОО ректорлары, әртүрлі медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіподақ қызметкерлері, металлургтер және т.б. Олардың көпшілігі өздерін әртүрлі қызмет салаларында табысты көрсетіп, облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласына біршама үлес қосты. Сонымен бірге депутаттар – ешқандай артықшылық бермейтін, негізгі жұмыстан босатпайтын, бірақ көп уақыт пен күш-жігерді алатын жауапты, қоғамдық маңызды іспен айналысатын адамдар.

Осыған байланысты және мәслихаттардың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында барлық бесшақырылым бойы облыстық мәслихат депутаты болып сайланып келген Мұхит Тұрысханұлы Тұмабаевты атап өтіп, алғыс айтқымыз келеді. Біздің депутаттарымыздың арасында бірнеше шақырылым бойы сайлаушылар сенім білдірген депутаттар да бар. Олар төрт шақырылымның депутаттары Василий Иванович Ахаев (1,2,3,4), Владимир Петрович Кравцов (1,2,3,4), Борис Тимофеевич Адианов (2,3,4,5); үш шақырылымның депутаттары - Виталий Иванович Иванов (2,3,4), Юрий Борисович Приходько (2,3,4), Қайыпқан Медеуұлы Амұрзақов (3,4,5), Ғаббас Төкешұлы Ибраев (3,4,5), Нұржан Құрмантайқызы Түсіпова (3,4,5), Рая Жанғалиқызы Рахимова (3,4,5); екі шақырылымның депутаттары - Темірбек Құмарбекұлы Исабаев (3,4), Михаил Семенович Лабуков (3,4), Ғалымқайыр Мұтанов (3,4), Темірлан Алтынқанұлы Оралбаев (3,4), Ерлан Батташұлы Сыдықов (3,4), Нұрлан Батташұлы Сыдықов (2,5), Александр Георгиевич Шмурыгин (3,4), Болатбек Икепұлы Нұрасыл (4,5), Михаил Александрович Шубин (2,4). Владимир Иннокентьевич Измайлов (1,2), Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусин, Леонид Петрович Блок (2,3), Мұрат Мағауяұлы Оспанов (2,3), Нұрланбек Бөлекбайұлы Сандыбаев (1,4), Анатолий Анатольевич Шушков (2,3), Николай Алексеевич Кузьмин (3,4), Александр Васильевич Степура (3,4), Анатолий Михайлович Балушкин (4,5), Омарбек Қазанғапұлы Байуақов (4,5), Тасболат Қажмұханбетұлы Битенов (4,5), Әсемқан Серқанұлы Досқожанов (4,5), Рысбек Меделханұлы Дүйсекеев (4,5), Нағима Сапарқанқызы Жақиянова (4,5), Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов (4,5), Ержан Ахтанұлы Нұрбаев (4,5), Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков (4,5).

Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бірінші сессиясында 2012 жылғы 20 қаңтарда хатшы болып № 43 Шемонаиха сайлау округінен депутат Григорий Васильевич Пинчук сайланды.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты атқарушы органдармен бірлесіп Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған жобаларды іске асыруды өзіне міндет етіп қойып отыр. Әр депутат депутаттық қызметінің жоспарларында облыс алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді шешуге жеке қатысуы бойынша нақты шараларды айқындайды. Біздің міндетіміз – оларды лайықты атқару.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшылары I - V шақырылым

I шақырылым (1994 ж. наурыз - 1999 ж. қараша):

Павел Сергеевич Елисов (1994 ж. 5 сәуір – 1996 ж. 18 шілде) - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы

Қапас Уақасұлы Дәуітов - Семей облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы

Василий Иванович Ахаев (1996 ж. 18 шілде – 1999 ж. 18 қараша)

II шақырылым (1999 ж. 18 қараша – 2003 ж. 24 қазан):

Василий Иванович Ахаев

III шақырылым (2003 ж. 24 қазан- 2007 ж. 23 тамыз):

Василий Иванович Ахаев

IV шақырылым (2007 ж. 23 тамыз- 2012 ж. 20 қаңтар):

Василий Иванович Ахаев

V шақырылым (2012 ж. 20 қаңтар- бүгінгі уақытқа дейін):

Григорий Васильевич Пинчук

Списки депутатов с первого по пятый созывы:

І шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 1994-1999 жж.

ІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 1999-2003 жж.

ІІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2003-2007 жж.

ІV шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2007-2012 жж.

V шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2012-2014 жж.

История маслихатов:

История Риддерского городского маслихата

История маслихата  города Семей

История Курчатовского городского маслихата 

История Абайского районного маслихата

История Аягозского районного маслихата 

История Бородулихинского районного маслихата

История Бескарагайского районного маслихата

История Глубоковского районного маслихата 

История Жарминского районного маслихата

История Зайсанского районного маслихата

История Зыряновского районного маслихата

История Катон-Карагайского районного маслихата 

История Кокпектинского районного маслихата

История Курчумского районного маслихата 

История Тарбагатайского районного маслихата

История Уланского районного маслихата

История Урджарского районного маслихата

История Шемонаихинского районного маслихата

История Усть - Каменогорского городского маслихата