ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ЗЫРЯН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Лариса Александровна Гречушникова

Лариса Александровна ГречушниковаГречушникова Л.А. 1963 жылғы 15 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы энергоқұрылыс техникумын тәмәмдады. 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік құрылымдардың экономист-менеджері» мамандығы бойынша бітірді. Тұрмыста, ұлы және қызы бар.

Еңбек жолын 1982 жылы Павлодар облысындағы Ермаков темірбетон құрастыратын заводының қалып цехында мастер болып бастады, 1983 жылы технолог қызметіне ауыстырылды, 1988 жылы осы заводтың өндірістік-техникалық бөлімінде инженер болды. Зырян қаласына көшіп келіп, 1992-1997 жылдары «Зыряновскстрой» трестінің өндірісті-диспетчерлік бөлімінің бастығы болды. 1998 жылдан бастап атқарушы органдарда қызмет жасады, Зырян қаласы әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық пен өндіріс бөлімінің маманы, кейіннен сол бөлімнің аға маманы, одан жетекші маманы етіп ауыстырылды. 2001-2003 жылдары «Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің экономика бөлімінде жетекші маман қызметін атқарды. 2003 жылдың сәуір айынан бастап «Зырян ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ директоры, 2004 жылы Зырян ауданының халықты жұмыспен қамту бөлімі бастығының міндетін атқарушы етіп тағайындалды. 2005-2008 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылдың шілде айынан бастап 2011 жылдың қазан айына дейін Зырян қаласы әкімі орынбасарының лауазымында жұмыс атқарды. 2011 жылдың 4 қазанынан бастап 2013 жылдың 8 тамызына дейін Зырян қаласының әкімі болып қызмет атқарды, сайланатын лауазымға ауысуына байланысты 2013 жылдың 9 тамызынан 11 қарашасына дейін Зырян қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды. 2013 жылдың 12 қарашасынан  бастап  2016 жылығы 28 наурызына дейін Зырян қаласының әкімі болып қызмет атқарды. 2016 жылғы 28 наурызында Зырян ауданының мәслихат хатшысы етіп сайланды.

Лауазымдық міндеттері

  1. Берілген өкілеттік шегінде аумақтың кешенді әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығын қорғауға, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға жауап береді.
  2. Әкімдікпен және аудан әкімімен қоянқолтық аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, санитария және көркейту ережелерінің, аудан қала басқару сұлбаларының жобаларын және өзге де мәселелерін әзірлейді және сессияның қарауына енгізеді.
  3. Аудан мәслихатының тұрақты және тексеру комиссияларымен қоянқолтық мәслихат Регламентін сессияның қарауына енгізеді және бекіткеннен кейін орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын бақылайды.
  4. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмыс істеуі үшін ұйымдастырушылық - техникалық жағдайлар жасайды. Мәслихат сессиясын өткізу уақытын және орнын, оның күн тәртібінің жобасын депутаттардың, аудан, қалалар, ауыл және поселке әкімінің мәліметіне жеткізеді.
  5. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді даярлауды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдеріне және сессия хаттамаларына қол қояды. Мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, оларды қажеттті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  6. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссияларының және өзге де органдарының, депутаттық топтардың жұмысын үйлестіреді. Аудан мәслихаты шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, оның жұмыскерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады.
  7. Мәслихат атынан халықпен, еңбек ұжымдарымен, меншік нысанынан тәуелсіз кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен байланысты қолдайды. Мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпыланған мәліметтерді ұсынады.
  8. Мәслихат шешімдеріне сәйкес мәслихаттың маңызды шешімдерінің жобаларын, жергілікті және республикалық маңызы бар мәселелерді азаматтармен талқылауды қамтамасыз етеді. Аппаратта азаматтарды қабылдауды, өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарауды ұйымдастырады. Өз өкілеттігінің мәселелері жөнінде өкім шығарады.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: әр айдың екінші сейсенбісі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Телефон: 8 (72335) 61353

Факс: 8 (72335) 63453

Мекен-жайы: 070804, ШҚО, Зырян қ., Советская к., 18

E-mail: maslihatzr@mail.ru