ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 71-31-99

maslihatvko@mail.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Дәулет Нұрханұлы Ыдырышев 

Дәулет Нұрханұлы Ыдырышев 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы  Айнабұлақ  совхозында жүргізуші болып бастады. 1979 жылы Талдықорған қаласындағы индустриалды педагогикалық техникумын механик мамандығы бойынша  бітірді, жоғары білімді  Алматы қаласындағы Абай атындағы  мемлекеттік университетінің  география факультетін бітіріп, мұғалім мамандығын алып шығады. Ыдырышев Дәулет Нұрханұлы 2003 жылдың  желтоқсан айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін йнабұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеді, ұлты – қазақ, жоғары білімі бар. Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі болғанға дейін Зайсан аудандық  маслихатының  тексеру комиссиясының  төрағасы болды.
2012 жылыдың қаңтар айынан бастап аудандық маслихат хатшысы.
Әйелі бар. Музыкамен спортпен  шұғылданады.

Лауазымдық міндеттері

  1. өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, әлеуметтік және экономикалық, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларының орындалуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын бақылайды.
  2. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді ұйымдастырады. Аудан әкімімен және әкімдігімен бірлесіп тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, елді мекендерді көркейту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, жерді және жасыл желекті қорғау ережелері, ауданның әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту және басқа да мәселелердің жобасын зерделеп, сессия қарауына ұсынады.
  3. Сессияның шақырылу орны және уақыты туралы, сонымен бірге сессияда қарастырылатын мәселелер туралы аудан әкіміне, депутаттарға, жұртшылыққа хабарлайды. Сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды.
  4. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары және тексеру комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
  5. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды.
  6. Депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді.
  7. Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
  8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штатын мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынады, мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  9. Мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды. Сайлаушылар өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: дүйсенбі 16.00 - 18.00
Телефон: 8(72340) 25200
Факс: 8(72340) 21200
Мекен жайы: 070700, ШҚО, Зайсан қ., Жангелдин к., 54.
E-mail: maslihatzaysan@mail.ru