БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI

  1. Мәслихаттардың құзыретiне:
      1. тиiстi аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту, соның iшiнде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi iске асыратын (әрбiр қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттiк бағдарламаларды бекiту;
      2. тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасын әкiмнiң ұсынысы бойынша бекiту;
      4. өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;
      5. жылу маусымына дайындық және оны өткiзу қағидаларын бекiту;
      6. әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу;
      7. атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
      8. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV
      9. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
      10. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес, бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн ережелердi бекiту;
      11. жергiлiктi бюджеттiң, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
      12. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебiн қарау;
      13. бақылау объектiлерiн тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгiзу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгiзу;
      14. мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
      15. халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлiктi азайту бағдарламаларын бекiту;
      16. әкiмнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдiк жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту;
      17. әкiмнiң ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру;
      18. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру ережелерiн бекiту;
      19. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      20. азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
  2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау жатады.
  3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерiн бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.
  4. Аудандық мәслихаттардың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады.
  5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиiстi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы мәселелерi бойынша жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
  6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдiктердiң ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
  7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, орман пайдаланғаны үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекiтедi.
  8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.
  9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.