ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

28.10.2014ж.

2014 жылғы 28 қазанда «ШҚО мәслихатының аппараты» ММ-де Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас маман - іс жүргізушісі (Д-4) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін үміткерлермен әңгімелесу болып өтті.

Әңгімелесудің нәтижелері негізінде, сондай-ақ үміткерлердің кәсіптік дайындығын, жұмыс тәжірибесін және жеке мінездемелерін ескере отырып, конкурстық комиссия бірауыздан төмендегі шешімді қабылдады.

Әңгімелесудің нәтижелері негізінде, сондай-ақ үміткерлердің кәсіптік дайындығын, жұмыс тәжірибесін және жеке мінездемелерін ескере отырып, конкурстық комиссия бірауыздан төмендегі шешімді қабылдады.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас маман - іс жүргізушісі (Д-4) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Мира Есенғазықызы Бекқожина ұсынылды.


21.10.2014ж.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас маман-іс жүргізушісі (Д-4 санаты) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

  1. Мира Есенғазықызы Бекқожина, білімі жоғары
  2. Болат Нұрахметұлы Кеншімбаев, білімі жоғары
  3. Жанар Ахметқалиқызы Алканова, білімі жоғары
  4. Гүлжан Дәулетбекқызы Жанәбілова, білімі жоғары
  5. Жанар Сләмқызы Катчубаева, білімі жоғары

7.10.2014ж.

«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас маман – іс жүргізушісі («D-4» санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 71 751 теңгеден 96 736 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік және басқа органдармен хат алмасуды қамтамасыз ету, мемлекеттік және ресми тілдерде құжаттар дайындауды және іс жүргізуді жүзеге асыру.

Облыстық мәслихат шешімдерінің орындалуына бақылау жасау жұмысын қамтамасыз ету.

Орындалған құжаттаманы есепке алу және адресаттарға жіберу.

Облыстық мәслихат шешімдерін тіркеу, ресімдеу және жіберуді жүргізу.

Облыстық мәслихат шешімдерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тіркелімін жүргізу.

Мәслихат сессиясы, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жұмысының дыбысжазбасының мағынасын ашу және редакциялау.

Сессия материалдарын ресімдеп, түптеуді қамтамасыз ету, облыстық мәслихат шешімдерінің жинақтарын дайындау.

Жиынтық іс номенклатурасын құрастыру және мұрағатпен келісу, құжаттарды мұрағатқа өткізуге дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;
  3. жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  4. ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарды, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер болуы.

Компьютерде жұмыс істей білу (Word, Excel бағдарламалары, E-mail Internet).

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
  2. 3х4 см үлгідегі суретпен белгіленген нысандағы толтырылған сауалнама;
  3. білім туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  6. құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар құжаттарды қабылдау мерзімдерінде, осы хабарландырудың «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжат тігілетін мұқабада қолма-қол немесе поштамен мына мекенжайда қабылданады: 070019, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 249 кабинет, не болмаса maslihatvko@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға бір жұмыс күні қалғаннан кешіктірмей тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер өздерінің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Анықтама үшін телефондар: 26-89-52, факс 26-48-13. Конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу немесе әңгімелесу өтетін жерге барып-қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, барлық байланыс қызметтерін пайдалану) конкурсқа қатысушылардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.

11.12.2013ж.

2013 жылғы 11 желтоқсанда «ШҚ облыстық мәслихатының аппараты» ММ-де конкурстық комиссияның қорытынды отырысы болып өтті.

Облыстық мәслихат аппаратындаШығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары (Д-2) босмемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін үміткерлермен әңгімелесу болып өтті.

Өткізілген әңгімелесу нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ үміткерлердің кәсіптік дайындығын, олардың жұмыс тәжірибесі мен жеке мінездемелерін ескере отырып,конкурстық комиссия бірауыздан мынадай шешім қабылдады.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары (Д-2) босмемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін А.Қ.Шалабаев ұсынылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне Д-2 санаты бойынша кадрлар резервіне есепке алу үшін Р.С.Сәдуақасов ұсынылды.

06.12.2013ж.

ШҚ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУ ҮШІН ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ (Д-2 САНАТЫ)

  1. Азамат Қайырлыұлы Шалабаев, жоғары білімі.
  2. Сәдуақасов Рустам Семейбайұлы, жоғары білімі.
  3. Асхат Сансызбайұлы Қалиев, жоғары білімі.
  4. Лев Юрьевич Пикунов, жоғары білімі.

20.11.2013ж.

«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары («D-2» санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 125 564 теңгеден 169 767 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыстық мәслихат аппаратының шаруашылық және әкімшілік қызметін қамтамасыз ету. Облыс әкімі аппаратымен, облыста тіркелген қоғамдық бірлестіктермен жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың бұқаралық ақпарат құралдарымен, Қазақстан Республикасы Парламентімен, қалалық және аудандық мәслихаттармен байланысын жүзеге асыру. Облыстық мәслихат аппаратының жұмысын жоспарлау.

Мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың бақылау функцияларын орындаулары бойынша жұмысын талдау және жинақтау.

Облыстық мәслихат депутаттарына олардың депутаттық өкілеттіктерін орындауы бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

Облыстық мәслихат депутаттарына олардың сайлауалды бағдарламаларын орындауы бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

Облыстық мәслихаттың тұрақты, уақытша комиссияларына, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшыларына, қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету, депутаттық сауалдарды орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Облыстық мәслихат депутаттарының қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, облыстық мәслихат жұмысының қорытындыларын өкілетті билік порталы арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарында уақытында жария етуді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
  2. жоғары бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
  3. мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
  4. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейiнгi оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарды, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер болуы.

Компьютерде жұмыс істей білу (Word, Excel бағдарламалары, E-mail Internet).

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысандағы толтырылған сауалнама;
  3. білім туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  6. құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар құжаттарды қабылдау мерзімдерінде, осы хабарландырудың «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжат тігілетін мұқабада қолма-қол немесе поштамен мына мекенжайда қабылданады: 070019, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 249 кабинет, не болмаса maslihatvko@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен жіберген азаматтар құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға бір жұмыс күні қалғаннан кешіктірмей тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер өздерінің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Анықтама үшін телефондар: 26-89-52, факс 26-48-13. Конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу немесе әңгімелесу өтетін жерге барып-қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, барлық байланыс қызметтерін пайдалану) конкурсқа қатысушылардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Газетке шыққан күні, нөмірі және атауы

«Дидар» № 137 (16918) 16 қараша2013ж.

«Рудный Алтай» №137 (19430) 20 қараша2013ж.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2013 ж. 20 қараша мен 4 желтоқсан аралығы.

Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөліміне 8 (7232) 26-89-52 телефоны бойынша хабарласуға болады.