БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ

Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: облыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша істердің жағдайын тексеру және қорытындылар беру, комиссия құзыреті шегінде мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну; қоғамдық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; ШҚО әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімімен өзара әрекет ету, заңдылық және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болу; комиссия құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының қажетті ақпараттарын тыңдау; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; облыстық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясының ұсыныстарын қарау; облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық этиканы бұзуы туралы материалдарды қарау.

Төрағасы: Сергей Федорович Солдатов - «Казцинк» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы, № 8 Мирный сайлау округінен депутат;

Комиссия мүшелері:
1. Теміржан Ертайұлы Әділов – «Лана» шаруа қожалығының басшысы, № 25 Бесқарағай сайлау округінен депутат;
2. Александр Михайлович Анчугин - "Қазцинкмаш" ЖШС директоры, № 10 Тоқтаров сайлау округінен депутат;
3. Қайыпқан Медеуұлы Амұрзақов - "Исток-1" ЖШС директоры, № 42 Шемонаиха сайлау округінен депутат;
4.Альбина Харисовна Ахметова – «Роза» ЖШС директоры, № 19 сайлау округінен депутат;
5. Нұрлан Мәулімғазыұлы Байбеков - "СӘТ ТРАНС" ЖШС бас директоры, № 15 сайлау округінен депутат.
6. Ренат Сансызбаевич Джангурчинов – «Қазцинк» ЖШС БГЭК гидротехникалық цех бастығы, № 32 Зырян сайлау округінен депутат;
7. Андрей Владимирович Зайцев – «Қазцинк» ЖШС Риддер металлургия кешенінің директоры, № 11 Рощинский сайлау округінен депутат;
8. Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов – «Нұр Отан» партиясы» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, № 34 Күршім сайлау округінен депутат;
9. Айдос Серікқалиұлы – «Металлист» ЖШС директоры, № 13 сайлау округінен депутат;
 
Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: облыстық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және орындалуын бақылауға қатысу; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, олардың орындалуы туралы есептерді бекіту. Комиссияның қорытындыларын шығару; бюджет қаражаттарын үнемдеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; бюджет, экономика, өңірлік даму проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру. 

Төрағасы: Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов – Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры, № 39 Ұлан сайлау округінен депутат;

Комиссия мүшелері:
1. Анатолий Михайлович Балушкин  - «Бипек Авто» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, № 6 Студенттік сайлау округінен депутат;
2. Тасболат Кажмұханбетұлы Битенов  - «Дерикар» ЖШС директоры, № 29 Шар сайлау округінен депутат;
3. Әсемқан Серқанұлы Досқожанов  - «СемАз» ЖШС бас директоры, № 12 сайлау округінен депутат;
4. Марат Серікжанұлы Құрманбай - «Ақшын корпорациясы» ЖШС президенті, № 20 сайлау округінен депутат;
5. Әсем Тілекқызы Мамутова – ӨК «ТМК» АҚ президенті, № 5 Согра сайлау округінен депутат;
6. Қайрат Қасымұлы Нәбиев - «ПМК» "Құрылыс" ЖШС директоры, № 38 Ақжар сайлау округінен депутат;
7. Болатбек Икепұлы Нұрасыл  - «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС директоры, № 30 Зайсан сайлау округінен депутат;
8. Нұрлан Ысрайылұлы Омаров - "Семей қаласының машина жасау зауыты" АҚ бас директоры, № 14 сайлау округінен депутат;
9. Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов - "Элхон" ЖШС директоры, № 36 Катонқарағай сайлау округінен депутат;
10.Алексей Асланбекович Цораев- «ҮМЗ" АҚ тантал зауытының директоры, № 4 Центральный сайлау округінен депутат;

Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: комиссия құзыреті шегіндеоблыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша саладағы істердің жағдайын талдау және зерттеу, ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарының жобаларын қарау, комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау; агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат  ресурстарын  ұтымды пайдалану мәселелері саласындағы саясатты жергілікті деңгейде қалыптастыруға қатысу, соның ішіндедөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар жұмысына және т.б. қатысу;агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды  пайдалану мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде облыстың атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу;тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; комиссияның жүргізуіне жатқызылған проблемалар бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын  ұтымды  пайдалану мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.

Төрағасы: Ержан Ахтанұлы Нұрбаев - «ВостокАгрохолдинг» ЖШС бас директоры, № 33 Зырян сайлау округінен депутат;

Комиссия мүшелері:
1. Борис Тимофеевич Адианов- «Силикат» ЖШС бас директоры, № 17 сайлау округінен депутат;
2.Фарид Құмашұлы Абитаев – «Астана-Бизнес» ЖШС директоры, № 9 Защита сайлау округінен депутат;
3.Ерлан Әмірбекұлы Зәйтенов - «Е.Зәйтенов» шаруа қожалығының басшысы, № 24 Бородулиха сайлау округінен депутат;
4. Владимир Леонидович Кошелев - "Шығыс Астық"  компаниялар тобының тәуелсіз директоры, № 27 Белоусовка сайлау округінен депутат;
5. Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев – «Некрасовка и К» шаруа қожалығының басшысы, № 40 Үржар сайлау округінен депутат;
6. Александр Николаевич Нарожнев – «Рыбпром» ЖШС Самар филиалының директоры, № 35 Көкпекті сайлау округінен депутат;
7. Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов – «Шалабай» ЖШС бас директоры, № 28 Георгиевка сайлау округінен депутат;
8. Мұхит Тұмабаев- «Агрофирма Приречное» ЖШС директоры, № 19 сайлау округінен депутат;
9. Людмила Петровна Цыбенко - «Семена масличных» шаруа кожалығының басшысы, № 26 Глубокое сайлау округінен депутат;
10. Григорий Михайлович Чемоданов – Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Верх-Уба орман шаруашылығы» КММ директоры, № 43 Первомай сайлау округінен депутат;

Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: комиссия құзыреті шегіндеоблыстық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы істердің жағдайын талдау және зерттеу, ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды облыстық мәслихат сессиясына енгізу; облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарының жобаларын қарау, комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі тәрбие, тұрғындарды жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері саласындағы саясатты жергілікті деңгейде қалыптастыруға қатысу, соның ішіндедөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар жұмысына және т.б. қатысу; әлеуметтік сала мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде облыстың атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу;тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; әлеуметтік сала проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің облыстық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.

Төрағасы:Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков - Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің ректоры, № 16 сайлау округінен депутат;

Комиссия мүшелері:
1. Жайық Амангелдіұлы Жұмаханов – ШЖҚ «ОДСБ облыстық ауруханасы» КМК бас дәрігері, № 22 Аягөз  сайлау округінен депутат;
2. Зарина Айдарханқызы Қамасова – «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС бас дәрігері, № 1 Өскемен сайлау округінен депутат;
3.Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкінов – «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, № 37 Ақсуат сайлау округінен депутат;
4.Рыйза Асанқызы Молдашева – «Семей таңы – Вести Семей» газеті» ЖШС директоры, бас редакторы, № 18 сайлау округінен депутат;
5. Ольга Сергеевна Рыпакова – штаттық ұлттық командалар дирекциясының нұсқаушысы – спортшы, № 2 Пристань сайлау округінен депутат;
6. Юрий Николаевич Свиридов – «Қазцинк» ЖШС ЗКБК өндірісті қолдау жөніндегі қызмет бастығы, № 31 Зырян сайлау округінен депутат;
7. Бауыржан Мәулітқанұлы Сейітқанов – «Сейфуллин атындағы орта мектеп-балабақша» КММ директоры, № 41 Мақаншы сайлау округінен депутат;
8. Самат Қашқымбекұлы Төлепов – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бас инженері, ҚТЖ ҰК АҚ филиалы – Семей жол бөлімшесі, № 23 Аягөз сайлау округінен депутат;
9. Олег Владимирович Чернышов - Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсының төрағасы, № 3 Әуезов сайлау округінен депутат.

  
АЛТЫНШЫ ШАҚЫРЫЛҒАН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АКТИВІ

Кеңесші: Асхат Бейсенұлы Сағидолдин  - облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі меңгерушісі

Комиссия активі:
1. Гүлнар Кеңесханқызы Күдербаева – облыстық мәслихат аппаратының құқықтық жұмыс жөніндегі бас инспекторы;
2. Жанарбек Телубекұлы Бақтыбаев – Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің бастығы;
3. Қазақпаев Дулат Төлегенұлы - ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы;
4. Қамалов Бахтияр Қамалұлы- ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент бастығы;

Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері бойынша

Кеңесші: Дәурен Жанабекұлы Омариев  - облыс әкімінің бас инспекторы.

Комиссия активі:
1. Лариса Викторовна Баева - облыстық мәслихат аппаратының бас инспекторы;
2. Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев - Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а.;
3. Лязиза Карлқызы Кенжетаева - Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы;
4. Нұрлан Рысханұлы Мусин - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы;
5.  Мәди Жангелдіұлы Отарбаев - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
6. Ринат Мұратұлы Омаров - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а.;

Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша

Кеңесші: Жигер Жанболатұлы Бургенов  - ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің бас маманы.

Комиссия активі:
1. Назгүл Шәкірханқызы Сәрсембаева  - облыстық мәслихат аппаратының бас маманы;
2. Қонысбай Қойшыбайұлы Төлеубеков - Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
3. Ерлан Мейрамбекұлы Упобаев – Шығыс Қазақстан облысының орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы басшысы;
4. Жақаев Серікжан Әнуарбекұлы – Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы;
5. Мұрат Манарбекұлы Құсайынов - Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы;
6. Барсукова Виктория Александровна - Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысы;

Әлеуметтік – мәдени дамуы мәселелері бойынша

Кеңесші:

Комиссия активі:
1. Жанара Маралбекқызы Байтикова – облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бойынша бас инспекторы;
2. Айжан Ерханқызы Садыкова - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы;
3. Азамат Мұратұлы Мухамедчинов- Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы;
4. Галия Абдугалиқызы Жуаспаева - Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.;
5. Асқар Байжігітұлы Мажанов - Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы;
6. Елена Васильевна Старенкова- Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а.;
7. Ғазиз Қиноятұлы Сүлейменов - ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаментінің басшысы;
8. Айдын Жомартұлы Шаймарданов - Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы.