ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 71-31-99

maslihatvko@mail.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

Каленбек Бақтығазыұлы Қарашев

1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Ново-Покровка совхоз-техникумын 1980 жылы, Алматы зооветеринар институтын 1990 жылы бітірген. Мамандығы- ветеринар. 2011 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген. Үш баласы бар.  

06.1975 - 09.1975 «Юбилейный  шаруашылық  ұжымы», малшы.

03.1980 - 05.1982 Кеңес Әскері қатарында қызмет ету.

12.1982 - 07.1986 «Юбилейный шаруашылық ұжымы», мал дәрігері. 

07.1986 - 12.1990 «Юбилейный шаруашылық ұжымы», сүт-тауар фермасының меңгерушісі.

01.1991 - 02.1996 «Юбилейный шаруашылық ұжымы», бригадир.

02.1996 - 09.2012 «Юбилейный» ЖСШ –ның директоры.

09.2012 - 09.2012 Көлденен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

12.2012 - 01.2013 Көлденен ауылдық округінің әкімі.

01.2013 - 04.2013 Үржар ауданы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы.

04.2013 - 04.2015 Үржар ауданы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы.

04.2015 - 03.2016 Үржар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.

28.03.2016 VI шақырылған Үржар аудандық мәслихатының хатшысы. 

Лауазымдық міндеттері

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.
  5. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.
  6. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді.
  7. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады.
  8. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады.
  9. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді. Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты:

әр аптаның  сәрсенбісі: сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін

әр аптаның бейсенбісі: сағат 10. 00-ден 12.00-ге дейін.

Телефон: 8(72230) 35285

Факс: 8(72230) 34449

Мекенжайы: 070200, ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122

E-mail: maslihat_urzhar@mail.ru