ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 71-31-99

maslihatvko@mail.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ҰЛАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Оразай Нұрсолтанұлы Сыдықов

Оразай Нұрсолтанұлы Сыдықов – 1957 жылы 01 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Жоғарғы Тайынты ауылындағы ҚазССР-на  40 жыл атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Ұлан ауданы «Обухов» совхозының құрылыс цехының әр түрлі жұмыс атқарушысы ретінде бастаған. 1975-1977 жылдар арасында Совет Армиясы қатарында міндетін атқарған. Өскемен құрылыс техникумын оқып бітірген. «Обухов» совхозының күрделі құрылыс шебері қызметін атқарған. 1983-1996 жылдары аралығында № 38 Жол басқарамасының № 566 Жол экспуатациялық басқармасында бас жол шебері болып қызмет еткен. 1996-2008 жылдар аралығында жеке шаруа қожалығымен айналысқан. 2008-2010 жылдар аралығында № 31 Жол эксплуатациялық басқармасында бас инженер, «Қазақавтожол» РММ  № 30 Жол эксплуатациялық басқармасында басшы қызметтерін атқарған. 2012 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін құрылыс бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан 2016 жылдың 28 наурызына дейінгі мерзімде «Ұлан жолдары» ЖШС директоры лаузымын атқарған. Үйленген, 4 баласы бар.  

Лауазымдық міндеттері

 1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.

3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.

4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.

5. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.

6. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді.

7. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды.

8. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді.

9. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды.

10. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді. Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды.   

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 14.00 ден 18.00-ге деін, бесенбі күні сағат 09.00 ден 13.00-ге деін

Телефон: 8 (72338) 27104

Факс: 8 (72338) 27104

Мекен-жайы: 071600, ШҚО, Қ. Қайсенова кенті, 1

E-mail: maslihat_ulan@mail.ru