ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Сәумен Әшіржанұлы Жақаев

Жақаев Сәумен Әшіржанұлы 1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1978 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1978 жылы оқуды бітірген соң Ақжар селосында мал дәрігері болып жұмыс істеді, 1979-1984 жж. комсомол ұйымының хатшысы қызметін атқарды, 1985-1988 жж. қызметін Қазақстан Компартиясы Тарбағатай аудандық комитетінде ауыл шаруашылығы меңгерушісі болып жалғастырды, 1988-1990 жж. Тарбағатай аудандық Қазақстан Компартиясы комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған, 1991-1992 жж. Тарбағатай аудандық кеңесі атқару комитеті жоспарлау бөлімінің аға экономисі, 1992-1995 жж. Тарбағатай аудандық кеңесі аудандық маслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, 1995-1996 жж. Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының экономика комитетінің төрағасы, 1996-1997 жж. «Чжунго- Толағай» бірлескен кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жж. Тарбағатай ауданы әкімінің көмекшісі. 1998-2002 жж. Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2002 -2016 жж. Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары. 2016 жылдың 28 наурызынан бастап Тарбағатай аудандық мәслихаттың хатшысы. 

Лауазымдық міндеттері

  1. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзгеде құжаттарға қол қояды.
  2. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  3. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды.Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
  4. Өз құзіретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді.
  5. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді және мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді  орындайды. 

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты 

Қабылдау уақыты: әр жұма сайын сағат 9.00 -12.00

Телефон: 8 (72346) 2-14-02

Факс: 8 (72346) 2-20-11

Сенім телефоны: 8 (72346) 2-11-80

Мекен жайы: 071500, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Қабеков к., 17.

E-mail: maslihataksuat108@mail.ru