БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

ГҮЛМИРА ҚАНАҒАТҚЫЗЫ ҚАРЫМБАЕВА

1958 жылдың 1 желтоқсанында ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1981 жылы Өскемен педагогикалық институтының филологиялық факультетін қазақ сыныптарында орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірді, қосымша мамандығы тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.

Еңбек қызметі:

08.1981–04.2008 - Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Абай атындағы орта мектепте және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында М.Ауэзов атындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиеті мұғалімі;

09.2008–08.2009 - орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Курчатов қаласының «Мектеп-гимназия» директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары;

09.2009-01.2012 - Курчатов қаласының қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін №1 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры;

01.2012-осы уақытқа дейін - бесінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының депутаты, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қала әкімі және әкімшілігімен бірге қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді, абаттандыру және тазалық ережелері бойынша, аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары жобаларын әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
  2. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссиясымен бірге жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын бақылайды, сонымен қатар әзірлеп сессия қарауына енгізеді және бекітілгеннен кейін мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  3. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын құрады. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді, сессия хаттамасын құруды, сессия төрағасымен бірге сессия хаттамасына және сессия шешімдеріне қол қояды.
  4. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттардың мәслихат және өзге де органдарының және сайлау округтеріндегі жұмыстарға қатысулары үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды.
  5. Тұрақты және тексеру комиссиялары мен басқа да мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. ҚР заңнамасына сәйкес депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуын және сайлауды ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депуттаттары бойынша сайлаушылардың жиналысын ұйымдастырады.
  6. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады. Мәслихат атынан тұрғындармен, жұмысшы ұжымдармен, жеке меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және кәсіпорындармен байланыста болады.
  7. Сайлаушылардан келіп түскен өтініштер, құттықтаулар, хаттар туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ақпаратты ұдайы дайындап ұсынып отырады. Аппаратта азаматтарды қабылдауды, өтініштер, арыздар қарауды ұйымдастырады.
  8. Қалалық мәслихат сессиясында жыл сайын депутаттық корпус және аппараттың қызметі туралы есеп береді.

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: әр айдың сәрсенбісінде сағ. 15.00- ден бастап 18.00-ге дейін.

Телефон: 8 (72251) 2- 31-80

Факс: 8 (72251) 2-31-80

Мекен-жайы: 071100, ШҚО, Курчатов қ. Тәуелсіздік к. 4.

E-mail: maslihatkur@mail.rus