БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

КӨКПЕКТІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Талғат Манафұлы Сарманов

1963 жылы 23 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1985 жылы Семейдің зоотехникалық- мәлдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шыққан. «Еңбек жолы:

1985-1990 ж.ж. «Ұзын-Бұлақ» совхозының ветеринариялық дәрігері.

1990-1994 ж.ж. «Ұзын-Бұлақ» совхозының зоотехнигі.

1994-1996 ж.ж- «Толагай» жеке коммуналдық мекемесінің бас зоотехнигі.

1996-1997 ж.ж- «Шегелек» акционерлық қоғамының бас зоотехнигі.

1997-1999 ж.ж- ЖШС«Шегелек LTD» бас зоотехник және ветеринарлық  дәрігері.

1999-2000 ж.ж- «Табигат» шаруа қожалығының бас зоотехник және ветеринарлық дәрігері.

2000-2001ж.ж- ҚР АШМ Көкпекті аудандық басқармасының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы.

2001-2006 ж.ж- ҚР АШМ Көкпекті аудандық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринарлық бөлімінің бастығы.

2006-2011 ж.ж- ҚР АШМ Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы және ветеринария бөлімінің бастығы.

2011-2012 ж.ж- ҚР АШМ АӨК МИК Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық және асыл тұқым инспекциясы бөлімінің бастығы.

2012-2014 ж.ж- ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы.

2014-2016 ж.ж-«Көкпекті мал дәрігері» КМК директоры.

 2016 жылдың 28 наурызынан қазіргі уақытқа дейін Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы. 

Лауазымдық міндеттері

1. Мәслихат сессиясын және оған қарауға енгізілген мәселелерді дайындайды, хаттама жасауды қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге шешімдерге, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды.

2. Мәслихат депутаттарының өз өкілеттіліктерін орындауына ықпал жасайды, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, олардың мәслихат сессиясына, тұрақты комиссиялардың және басқа органдардың, сайлау округтеріндегі жұмысына қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босату мәселелерін қарайды.

3. Депутаттардың сауалдарын және депутаттық тілектерді қарауға бақылау жасайды.

4. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметкерлердің лауазымдық жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады.

5. Мәслихатқа сайлаушылардың талап-тілектері және олар бойынша қолданылған шаралар жөнінде хабарлама жасайды.

6. Мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.

7. Өз құзыреті шеңберінде өкім шығарады. Тұрақты комиссиялардың, мәслихаттың басқа органдары мен депутаттық топтардың жұмысын ұйымдастырады.

8. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және қоғамдық бірлестіктер арасында мәслихаттың атынан сөйлейді.

9. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етіп, олардың орындалуын бақылау жөнінде шаралар белгілейді.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: әр айдың бірінші сәрсенбісі – сағат 15.00-ден сағат 17.00-ге дейін.

Телефон: 8 (72348) 21202

Факс: 8 (72348) 21202

Мекен жайы: 071100, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Фахрутдинов к., 44 А.  

E-mail: maslihatkokpekty@kokpekti.vko.gov.kz