ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Дүйсен Зағыпранұлы Бралинов

Дүйсен Зағыпранұлы Бралинов1959 жылы қазан айының 3-де ШҚО Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген Білімі жоғары. Өскемен педагогика институтын 1980 жылы аяқтаған Мамандығы бойынша математика пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын (1980-1985 жылдары) Жамбыл орта мектебінде еңбек және математика пәндерінің мұғалімінен бастады.

1985 - 1987 ж.ж. Жамбыл орта мектебінің директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1987- 2007 ж.ж. осы мектептің директоры қызметінде болды.

2007 жылдың 29 тамызында ІV шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. 2012 жылдың 18 қантарда V шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Аудандық мәслихаттың ІІІ, ІV шақырылымдағы №10 Жамбыл сайлау округі бойынша депутаты. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі белгісімен, Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл мерекелік медалімен марапатталған. Үйленген үш баласы бар.

Лауазымдық міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. Заңына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып, берілген өкілеттіктер шеңберінде.
  2. Cессияның қарауына аудан әкімі жасап, бекітуге ұсынған аумақ-ты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, санитар-лық тазалық және көркейту ережелерін, ауданды басқару схемасын, әкім-діктің дербес құрамын келісу, тағы басқа мәселелердің жобаларын енгізед.
  3. Тұрақты комиссияларымен, аудан әкімімен және оның аппаратымен бірлесе отырып ауданның бюджетін сессиясының бекітуіне енгізеді және жергілікті бюджет туралы шешімнің атқарылуын ұйымдастырады, бақылайды.
  4. Тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып мәсли-хаттың уақыт тәртібін жасап, сессияның қарауына енгізеді және бекітіл-ген соң, оның атқарылуын қамтамасыз етеді.
  5. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдас-тырушылық-техникалық жағдайлар жасайды.
  6. Депутаттарды, аудан әкімін және тұрғындарды мәслихат сессиясы-ның өткізілу уақыты мен орны жөнінде, күн тәртібінің жобасы жайлы хабардар етеді, материалдарды табыстайды. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді, сессия хаттамасының жасалуын қамтамасыз етеді, сессия төра-ғасымен бірге мәслихаттың шешімдеріне және сессияның хаттамасына, сессия бекіткен өзге құжаттарға қол қояды.
  7. Депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына көмек көрсе-теді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, мәсли-хат органдарындағы және сайлау округтеріндегі жұмысы үшін депутат-тарды қызметтік міндеттерінен орындаудан босатуға байланысты мәселе-лерді шешеді.
  8. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге органдарының, депу-таттық топтардың қызметін үйлестіред. Мәслихат аппаратының құрылымымен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, қызметкерлерін қыз-метке тағайындайды және қызметінен босатады.
  9. Мәслихатқа сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпылама мәліметтер ұсынады. Мәслихат шешімдеріне сәйкес, ең маңызды мәслихаттың шешім жобаларын, жергілікті және республикалық маңыздағы мәселелерді аза-маттардың талқылауын қамтамасыз етеді.
  10. Аппаратта азаматтарды қабылдауды, хаттарды, өтініштерді, шағым-дарды қарауды ұйымдастырады. Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселеле-рін қарастырады, сондай-ақ, Сенат депутаттарын сайлау бойынша сайлау-шылар жиынын ұйымдастырады.
  11. Депутат сұрауларының және депутат хаттарының қарастырылуын бақылайды. Мәслихат атынан сотқа ұсынылатын талап арыздарға қол қояды. өз құзыретіне жататын мәселер бойынша өкімдер шығарады. Мемлекеттік органдармен, ұжымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен мәслихат атынан қарым-қатынас жасайды.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты:

Үлкен Нарын ауылында әр аптаның сәрсенбісі сағат 14.00-17.00-ге дейін.

Катонқарағай ауылында әр аптаның 2 жұмасында сағат 15.00-17.00-ге дейін.

Телефон: 8 (72341) 21139

Факс: 8 (72341) 29156

Мекен-жайы: 070900, ШҚО, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к., 102

E-mail: rau_maslihat_kk@mail.ru