ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

ӘКІМҒАЗЫ АСАНҰЛЫ БАЙМОЛДИНОВ

1955 жылы 2 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Барашки ауылында туған. 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Первомайская орта мектебін аяқтады. 1981 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1971 жылы Шемонаиха ауданының «Первое Мая» атындағы ұжымшарда жұмысшы болып бастады. 1973 бастап 1975 жж. Кеңес әскерінің қатарында қызмет атқарды. 1975 жылы Шемонаиха ауданының «Первое Мая» атындағы ұжымшарда тракторшы болып жұмысын жалғастырды. 1981-1986 жылы ШҚО Глубокое ауданының «Прогресс» колхозында агроном болып жұмыс атқарды, 1986 жылдан бастап ШҚО Қазақстан Глубокое аукомның компартиясында нұсқаушы болды. 1990 жылдан бастап ШҚО Глубокое аудандық өсімдіктерді қорғау стансасында бастық болып жұмыс істеді, 1993 жылы ШҚО Глубокое ауданының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды. 1996-2012 жылдары ШҚО Глубокое ауданының әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2012 жылдың қаңтарынан бастап Глубокое аудандық мәслихатын басқарады. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр. Спортпен, белсенді демалыспен айналысады.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Өзінің уәкілеттік шеңберінде аумақтың әлеуметтік-экономикалық кешенді дамуына, азаматтардың құқығын, олардың заңдық мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге жауап береді;
  2. Мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелерді қарап, дайындауын ұйымдастырады, депутаттардың, әкімнің және аудан тұрғындарының назарына мәслихат сессиясының уақыты, өткізілетін орны мен ұсынылатын күн тәртібін жеткізеді. Сессия төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне, қабылданған және бекітілген басқа да құжаттарға қол қояды;
  3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен бірлесіп мәслихат сессияларында қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жүргізеді, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Депутаттарға өздерінің уәкілеттіктерін жүзеге асыру үшін оларды тиісті ақпараттармен қамтамасыз етеді, мәслихатта, олардың органдарында, сайлау округтерінде жұмыс атқарулары үшін жұмыстан босату мәселелерін қарайды.
  5. Депутат сауалдарын және депутаттық жүгінімдерді қарауды бақылайды;
  6. Мәслихат аппаратының қызметін басқарады, оның қызметкерлерін лауазымдарына тағайындап және лауазымдарынан босатады;
  7. Сайлаушылардың жүгінімдері және оған қабылданған шаралар туралы ақпаратты мәслихатқа үнемі береді;
  8. Мәслихаттың басқа да жергілікті басқару оргндарымен өзара байланысты ұйымдастырады;
  9. Өзінің құзіретті бойынша мәселелер жөнінде өкімдер шығарады;
  10. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының, және басқа да органдарының жұмыстарын жүйелейді.
  11. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдар мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты мәслихатты ұстанады;
  12. Мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуы бойынша бақылау шараларды анықтайды;
  13. Мәслихат аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады.

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 11.00 - ден 13.00-ге дейін.

Телефон: 8 (72331) 22790

Факс: 8 (72331) 22090

Мекен жайы: 070500, ШҚО, Глубокое кенті, Попович к., 11А

E-mail: GlubokoeMaslihat@rambler.ru