БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ЖАРМА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Айгүл Жансапқызы Сахметжанова

Сахметжанова Айгуль Жансаповна 1961 жылы 6 ақпанда Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында туған.

Осы ауылдағы Георгиевка орта мектебін бітірген соң, Өскемен қаласынын жол-құрылыс институтына түсіп, 1985 жылы ойдағыдай аяқтады. Мамандығы бойынша қала құрылысының инженері.

Еңбек жолын 1987 - 1989 жылдары Жарма ауданының ауылшаруашылық техникасы ұжымында экономист болып бастады. 1987 - 1989 жылдары - аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы.

1989 – 1991 жылдары «Расцвет» ұжымшарында экономика оқуы бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.

1991 – 1993 жылдары «Михайловка» кеңшарында экономика оқуы бойынша әдіскер қызметін атқарды.

1993 - 1995 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданының жинақ банкісінің оператор-бақылаушысы.

1995 жылдың ақпаны мен 1998 жылдың ақпаны аралығында Жуалы ауданы, «Билікөл» кеңшарында диспетчер қызметінде істеді.  

1998 – 2008 жылдары шағын кәсіпкерлік саласында енбек етті. 2008-2009 жылдары «Жарма ауданы білім бөлімі» ММ-сінде есепші, экономист қызметін атқарды.

2009 - 28.03.2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. «Нұр Отан» партиясының мұшесі. Отбасылы, екі баласы бар.

Лауазымдық міндеттері

  1. Өкілдігі шегінде ұсынылған, аумақтың комплекстік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды қызығушылығын қанағаттандыруына жауап береді. Аудан әкімдігімен және аудан әкімімен бірлесіп экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың аумақтық даму жобасын, санитарлық және жабдықтаушылық ережелерін, ауданды басқару және басқа мәселелер жөніндегі схемасын өңдейді. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын қадағалайды, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  2. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды. Депутаттарға, аудан әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдейді.
  3. Мәслихат сессиясының дайындығын және сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді қамтамасыз етеді, сессияның хаттамасын жасау, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне және сессияның хаттамасына қол қояды. Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасайды, керекті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың органдарында, сайлау округтарында, мәслихатта жұмыс істеу үшін қызмет борышынан босатылуына байланысты мәселелерді қарастырады. Тұрақты, тексеру комиссияларының және басқа мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Аудандық мәслихат шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау шараларын анықтайды.
  4. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысын басқарады, қызметшілерді қызметке алады және қызметтен босатады. Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, меншіктік формасына қарамастан кез келген ұйымдармен байланыс жасайды.
  5. Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстарды, тілектерді, хаттарды мәслихатқа ұсынады. Мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын жергілікті тұрғындармен талқылауды қамтамасыз етеді. Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін, қарастыруды ұйымдастырады. Өз құзыры шегінде өкім шығарады.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: – сағат 14.00 ден сағат 17.00-ге дейін, жұма - сағат 9.00 ден сағат 11.

Телефон: 8(72347) 67335

Факс: 8(72347) 65637

Адрес: 070600, ШҚО, с.Қалбатау, ул. Достық 105.

Е-mail: Zhar-maslihat@mail.ru