ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

УӘЛИХАН ТҮКЕНҰЛЫ МАЙЖАНОВ

1961 жылы 9 мамырда Семей облысы, Новошульба ауданының Буркотов ауылыңда дүниеге келген.1978 жылы Буркотов ауылыңың орта мектебін бітіріп, «Красный Казахстан» совхозының әр түрлі жұмысты атқарушысы қызметін бастады. 1984 жылы Уалихан Төкенұлы Семей зооветеринарлық институтын бітіріп, зооинженер мамандығын алды. Студенттік жылдардағы өте жақсы оқуы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін институт әкiмшiлiгiнен бірнеше мәрте көтермелендi, кешкі уақытта қоғамдық ғылымдардың екiжылдық факультетiн бiтiрдi.Институтты бітірген соң туған ауылына қайтып келіп, бөлімше зоотехнигі болып жұмыс ісдеген. 1986 жылдан бастап босатылған комсомол жұмысында: комсомол комитетінің хатшысы, комсомолдық ұйымдар бөлімінің меңгерушісі, комсомолдың Новошульба аудандық комитетiнiң екiншi содан соң бiрiншi хатшысы. Белсенді жұмысы үшін Қазақстан комсомолының ОК Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК төс белгісімен наградталған, Қазақстанның ЛКЖО 16 съезiнің делегаты болып сайланады.1991 жылы жалпы жиналыста «Красный Казахстан» совхозының партия комитетінің босатылған хатшысы болып сайланады. Қайта құрудың басынан бастап осы шаруашылықта әр түрлi жұмыста, директордың орынбасары, ОРС басшысы болып қызмет iстедi.1998 жылы Песчанка ауылында «Ленинское» ААҚ Президенті болып тағайындалды.1999 жылыдан бастап «СФ Песчанка» ЖШС директоры болды, содан кейін «Песчанское» ШҚ басшысы болды. Қызметінің бұл кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын алды, бірнеше мәрте аудан басшылығынан грамоталармен наградталды.2005 жылдан бастап 2012 жылдың қаңтары аралығында Новошульба ауылдық округінің әкімі. 2012 жылдың қаңтарында V шақырылымдағы Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды, ал бірінші сессияда бір ауыздан аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
    Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады.
  5. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.
  6. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.
  7. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды.
  8. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.
  9. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  10. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды.
  11. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді.

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: сейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жеке тұлғаларды қабылдау, бейсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін заңды тұлғаларды қабылдау.

Телефон: 8(72351) 21138

Факс: 8(72351) 22044

Мекен жайы: 070400, ШҚО, Бородулиха ауылы, Тәуілсіздік к., 69

Е-mail: boromaslihat@rambler.ru