БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

ҚАЙЫРБЕК ҚАЖЫБАЙҰЛЫ САДЫҚОВ

1961 жылы 29 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында көп балалы қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келді. 1979 жылы Ақсуат орта мектебін бітірді. Кеңес әскері қатарына шақырылғанға дейін совхозда жұмысшы ретінде жұмыс істеді. 1980-1982 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын өтеді.
Кеңес әскерінен кейін 1982 жылы Семей зооветеринарлық институтына түсіп, оны 1987 жылы тәмәмдаған соң Қарағанды облысы Нұра ауданының «Трудовик» совхозына жолдамамен жіберіліп, қатардағы мал дәрігерінен бастап аудандық ветеринарлық зертхананың директорына дейін 6 жыл қызмет атқарды.
1993-1996 жылдары Бородулиха ауданының «Ивановка» колхозында колхоз төрағасының орынбасары ретінде қызмет атқарды.
1997 жылдан бастап 2012 жылғы 19 қаңтарға дейін Бесқарағай аудандық әкімдігінде қызмет атқарды, осы салада қызметін бас маманнан бастап, соңғы 7 жылда аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта екі жоғарғы білімі бар, олар: ветеринария және менеджмент.
Үйленген, бір қызы бар.
Бос уақытында спортпен-волейболмен айналысады, өлең айтып, домбыра шертеді.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып берілген өкілеттік шеңберінде аумақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық кешенін, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  2. Қала әкімі және әкімдігімен бірлесе отырып, аумақтың дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары жобаларын, санитарлық және көркейту ережелерін, қаланы басқару кескіні және басқа да мәселелерді әзірлеп сессия қарауына енгізеді.
    Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, жергілікті бюджет туралы шешімнің орындалуын бақылайды.
  3. Қалалық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып, мәслихат регламентін әзірлеп, сессияның қарауына енгізіп, бекітілгеннен кейін оның орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады.
  5. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастыру-техникалық жағдайын құрады.
  6. Депутаттарға, қала әкіміне және тұрғындарға мәслихат сессиясының өтетін уақыты мен мекен-жайын, күн тәртібінің жобасын хабарлайды.
  7. Мәслихат сессиясын әзірлеу және мәслихат сессиясы қарауына енгізілетін мәселелер, сессия хаттамасын құруды қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихат шешімдерімен сессия хаттамасына қол қояды.
  8. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкестендіру мақсатында, мәслихат атынан шығатын барлық шешімдер мен қаулыларға қол қояды.
  9. Депутаттардың өкілеттігін іске асыруда көмек көрсетіп, оларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат, оның органдары және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды. Мәслихаттың тұрақты, тексеру комиссиялары және басқа органдарының, депутаттық топтардың жұмыстарын үйлестіреді. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штатын мәслихатқа бекітуге енгізеді, оның қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  10. Мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихат сессиясына және комиссия отырыстарына шақырылатын кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының, лауазымды тұлғалар мен мамандардың тізімін анықтайды.
  11. Мәслихат атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар, мекемелер және меншік нысандарына қарамастан ұйымдармен байланыста болады. Мәслихатта сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпы мәліметтер береді. Мәслихат шешімдеріне сәйкес азаматтармен маңызды мәслихат шешімдері жобаларын талқылауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдарын қарау үшін азаматтарды аппаратта қабылдауды ұйымдастырады. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкім шығырады. Аппарат қызметшілерінің қызметін үйлестіреді, олардың лауазымдық нұсқауларын орындауларын бақылайды. Аппарат қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренулерін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын қалалық мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді.

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: аптасайын, сейсенбі, бейсенбі күндері, 10.00-12.00, 15.00-17.00

Телефон: 8 (72236) 91106

Факс: 8 (7223) 91416

Мекен жайы: 070300, ШҚО, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин к., 144

E-mail: maslihat@rambler.ru