ВИДЕОГАЛЕРЕЯ


БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ

СЕИЛБЕК АБҰИЫРҰЛЫ ЫСҚАҚОВ

1963 жылдың 26 мамырында Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш ауылында тұған. Арнаулы орта және екі жоғары білімі бар. 1983 жылы Ново-Покровка совхоз - техникумын мал дәрігерлік мамандығы бойынша, 1993 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия Университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет Армиясының қатарында болды. 1985-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері, ферма меңгерушісі, бригадир, бас малдәрігері, бас зоотехник қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдарында Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің малдәрігерлік инспекторы, «Шағырай» ЖШС-нің директоры. 2003 жылдың сәуір айынан Бидайық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2006 -2010 жылдары аралығында Аягөз қаласының әкімі, 2010-2016 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың наурыз айыннан Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы лауазымына сайланды. Үйленген, төрт бала, екі немере тәрбиелеп отыр.

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды.
  2. Мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды.
  3. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды.
  4. Мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  5. Сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады.
  6. Мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады.
  7. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
  8. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді.
  9. Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады.
  10. Мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi.
  11. Мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00 - 17.00

Телефон: 8 (72237) 33641

Факс: 8 (72237) 30383

Мекен-жайы: 070200, ШҚО, Аягөз қ., Абай бульвары, 14

E-mail: maslihat_ur@mail.ru