БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

АБАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

ЕРЛАН АРНАҰЛЫ ЛДИБАЕВ

1961 жылы 24 тамызда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Ұлты қазақ.Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының зооинженерия факультетін (1984) зооинженер мамандығы бойынша; Қазақ қаржы-экономикалық академиясының есеп және аудит факультетін (2009) «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Республикалық, облыстық және аудандық газеттердегі мақалалардың авторы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

1978 жылдың тамыз айынан – Семей облысы Шұбартау ауданының «Гранит» комсомол жастар бригадасының мүшесі. 

1978 жылдың қазан айынан – Семей облысы Шұбартау ауданының мал дәрігерлік және санитария отрядының жүргізушісі.

1979 жылдың тамыз айынан Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының студенті.

1984 жылдың тамыз айынан – Семей облысы Абай ауданы Жданов атындағы кеңшарының № 2 ферма зоотехнигі.

1986 жылы алдыңғы қатарлы шаруашылығы ретінде КСРО ХШЖК УАЗ автокөлігін көрмесінің қола медалін жеңіп алды.

1987 жылдың қазан айынан Семей облысы Абай ауданы М.Әуезов атындағы кеңшарының № 2 ферма меңгерушісі.

1989 жылдан Семей облысы Абай ауданының Құндызды асыл тұқымды мал өсіру кеңшарының бас зоотехнигі. Асыл тұқымды мал өсіруді дамыту жолында қомақты жұмыс жүргізді, бірнеше рет бүкіл одақтық және республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды.

1996 жылдың наурыз айынан – «Мергентас» шаруа-қожалығын ұйымдастырды, оның негізгі бағыты қойдың қазақы қылшық жүнді түрін өсіру болды. 

2002 жылдың ақпан айынан - ШҚО Абай аудандық экономика және шағын бизнесті дамыту бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.

2002 жылдың қараша айынан – ШҚО Абай аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы. 

2002-2008 жылдары асыл тұқымды шаруашылықтарының қатары 15 ке дейін, шаруа қожалықтарының саны 380-нен 600-ге өсті.

2009-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары.

2016 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

Өңірдің өміріне белсене араласқаны үшін: «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Абай» медалімен, «Активную ваенно-патриотическую работу» медалімен, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министірінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Әскери атағы – запастағы аға лейтенант. Үйленген. Үш бала, бес немересі бар. 

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

  1. Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
  2. Мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
  3. Депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
  4. Мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  5. Сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
  6. Мәслихаттың өзге де жергiлiктi органдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
  7. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
  8. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
  9. Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
  10. Мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
  11. Мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
  12. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың жиынын ұйымдастыруды қарастырады. Жыл сайын мәслихат сессиясында өз жұмысы және аппарат қызметі туралы есеп береді. Мәслихат атынан сот ізденіс шағымдарына қол қояды

ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қабылдау уақыты: сейсенбi-бейсенбi күні сағат 10.00 ден 12.00-ге деін, жұма күні сағат 15.00 ден 17.00-ге деін.
Телефон: 8 (72252) 91544
Факс: 8 (72252) 91544
Мекен жайы: 070100, ШҚО, Абай ауданы,Қарауыл ауылы, Құнанбай к., 14
Е-mail: maslihatabay@mail.ru