БIЗДIҢ БАЙЛАНЫСУЛАРЫМЫЗ

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
070019
Қазақстан Республикасы
Өскемен қ.
М. Горький к., 40

Тел/факс: 26-48-13

maslihatvko@rambler.ru
maslihatvko@rambler.ru

ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
Яндекс.Метрика

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

  1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
  2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
  3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:

    1. депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
    2. депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлетi шектеулi деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
    3. мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
    4. депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
    5. ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
    6. соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
    7. тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
    8. депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
    9. депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзi сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
    10. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесi қызметiне тағайындалса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
  4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады

  5. Алынып тасталды.
  6. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

ДЕПУТАТТЫҢ ӨЗ ӨКIЛЕТТIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ КЕЗIНДЕГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

  1. Депутат:

    1. сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
    2. мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
    3. Алынып тасталды.
    4. өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
    5. сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
    6. тиiстi әкiмдiк отырыстарының жұмысына қатысуға;
    7. мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
    8. фракциялар мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы;
    9. Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
  2. Депутат:

    1. мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
    2. өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
    3. сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
    4. тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi.
  3. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiк берiледi.
    Мәслихат депутаты, қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелерi бойынша тиiстi мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз кiруге құқылы.
    Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР

Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.

Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде берiлуге тиiс. Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.

Прокурордың атына берiлген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.


МӘСЛИХАТТАРДАҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР

  1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бiрлестiктер, депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бiрлестiктерге кiре алмайды.
  2. Фракция - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң атынан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиiстi саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң мүдделерiн бiлдiру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
  3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн, сайлау округтерiндегi бiрлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.
  4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi және тек ақпараттық сипатта болады.

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ

Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.